Алматы мектептері қашан дәстүрлі оқыту форматына көшетіні белгілі болды

0
1 350

Бұл шешім Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлесіп қабылданады.


Алматы мектептері қашан дәстүрлі оқыту форматына көшетіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Алматы қалалық білім басқармасы эпидемиологиялық ахуал жақсарған жағдайда мектеп оқушылары қалай білім алатындығын айтты, деп жазады zakon.kz.

"Халықтың аурушаңдық деңгейінің тұрақты төмендеуі кезінде мектептердің дәстүрлі білім беру форматына біртіндеп көшу мәселесі қарастырылатын болады. Санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, бірінші кезең 1-4 сынып оқушылары, екінші кезеңде 5-11 сынып оқушылары штаттық режимдегі оқу салтына ауыстырылады. Бұл шешім Тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлесіп қабылданады", - деді Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов.