Алматы мен Самарқан арасында тікелей рейстер қайта ашылды

0
493

Рейстерді «FlyArystan» компаниясы аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) А-320 типті әуе кемелерімен орындайды.


Алматы мен Самарқан арасында тікелей рейстер қайта ашылды

ERNUR.KZ. Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде 18 наурыздан бастап Алматы мен Самарқан қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы қалпына келді, деп жазады ҚазАқпарат.

Рейстерді «FlyArystan» компаниясы аптасына 2 рет (сәрсенбі және сенбі күндері) А-320 типті әуе кемелерімен орындайды.

Бұл халықаралық бағыттың қайта іске қосылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қарым-қатынасты одан әрі дамытуға ықпал етеді.