Алматы метросынан шыққан түтін жолаушылардың үрейін ұшырды (видео)

0
686

Әлеуметтік желіде түтіннің видеосы жарияланды.


Алматы метросынан шыққан түтін жолаушылардың үрейін ұшырды (видео)

ERNUR.KZ. Алматы метросында станциялардың бірінде пойыздың тежегіш колодкалары қызып кетіп, түтін шықты, деп жазады Stan.kz.

Әлеуметтік желіде түтіннің видеосы жарияланды. Кадрдан "Алатау" станциясындағы туннельден түтін шығып жатқанын көруге болады. Адамдар тоқтаған пойыздан түсіп жатыр, метро қызметкерлері төтенше жағдай орнына асығып барады.

Қалалық метрополитеннің баспасөз қызметінің хабарлауынша, пневматикалық тежеу іске қосылған. Соның салдарынан тежегіш колодкалары қызып кеткен.

"Қазіргі уақытта нақты себебі анықталып жатыр, құрама желіден шығарылып, диагностикаға жіберілді", - деді метрополитен қызметкерлері.

Олар қозғалыс кестесінде ешқандай үзіліс жоқ екенін, метро штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын айтты.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті 101 пультіне ешқандай ақпарат түспегенін хабарлады.