Алматы облысында 3 демалыс орнын су басты

0
690

Алматы облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.


Алматы облысында 3 демалыс орнын су басты

ERNUR.KZ. Алматы облысында толассыз жауған жаңбырдан үш демалыс орнын су басты, деп жазады Zakon.kz.

"2022 жылғы 13 шілдеде сағат 18.00 шамасында Алматы облысы Ұйғыр ауданында нөсерлі жауын-шашын салдарынан «Шонжы-Қалжат» автожолының 55 шақырымында биіктігі шамамен 5-10 см болатын көлбеу ағын жүрді. Салдарынан үш демалыс аймағының ауласын су басты, тұрғын үй-жайлар мен ғимараттарды су басу тіркелген жоқ", - деді Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір жауын-шашын тоқтады, су деңгейі төмендеді.

Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.