​Алматы облысында 3 жасар қызды ұрлаған адам 15 жылға сотталуы мүмкін

0
1 609

ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-тармағы на сәйкес «Адам ұрлау» бойынша жауапқа тартылады


​Алматы облысында 3 жасар қызды ұрлаған адам 15 жылға сотталуы мүмкін

ERNUR.KZ. Алматы облысында 3 жасар қызды ұрлаған күдікті өз әрекетін түсіндіре алмады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ол бұл қылмысқа неліктен барғанын айтпады. Нақты қандай мақсаты болғаны әзірше беймәлім. Полиция қызметкерлері бірнеше рет жауап алды. Оның айтуынша, оқиға болған күні ішімдікке тойып алған. Енді неге мұндайға барғанын есіне түсіре алмай отыр. Әйтсе де оның арам ойы болмағаны логикаға симайды. Бұл әрине біздің болжам ғана. Адам ұрлығы болған анық, бірақ кедергілерге байланысты ойын жүзеге асыра алмаған болуы керек», - деді Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің басшысы Сергей Незнаев.

Оның айтуынша, ұсталған адам заң бойынша ештеңе айтпауға, тіпті үндемеуге құқылы. Бірақ жасаған қылмысына қарай ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-тармағы на сәйкес «Адам ұрлау» бойынша жауапқа тартылады. Айта кету керек, аталған заң бойынша қылмыскер 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Еске сала кетсек, 1 тамыз күні Алматы облысында мешіт жанынан белгісіз біреу 3 жасар қызды ұрлап кеткен болатын.