Алматы облысында "Айбалта-2019" әскери оқу-жаттығуы өтіп жатыр

0
345

Жеке құрамның ыстық тағаммен тамақтануы, монша-кір жуу қызметі бөлімдердің шаруашылық жабдықталым пункттерінде ұйымдастырылған.


Алматы облысында

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Көктал әскери полигонында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Айбалта-2019» әскери оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп жазады BAQ.KZ.


Құрлық әскері басштабының басшысы генерал-майор Талғат Қайпақовтың айтуынша, «Айбалта-2019» әскери оқу-жаттығуы15 сәуірден басталған. Жаттығу әсіресе әскерлердің ауқымды материалдық-техникалық қамтамасыз етуіне бағытталған.



"Бірінші кезеңде елдегі қарулы күштердің дайындығын тексеру үшін әскери дабыл беріліп, жедел топтастыру басталды. Кейбір құрамдар темір жолмен, кейбірі әуе кемелерімен келді. Жасақтардың кейбірі мыңдаған шақырым жерден келіп отыр. Олардың қатарында, Қарулы күштер,Ұлттық гвардия, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі және өңірлік әскерлер бар. Жалпы оқу-жаттығуға сегіз мыңнан аса жеке құрам жауынгерлері және 1,5 мың техника,50-ге жуық әуе кемелері жұмылдырылған", - дейді ол.



Бірінші кезеңде әскерді жинау жұмыстары жүргізілсе, екінші кезеңде заңсыз қарулы топтың жолын кесу әрекеті іске асырылған. Ал, бүгінгі жаттығу кезінде заңсыз қарулы күштердің көзін жою әрекеті іске асырылады. Сонымен қатар, барлау қызметі әрекет етіп, жауға шабуыл жасалып, олардың көзі жойылды.
Оқу-жаттығу барысында негізгі күш әскери қызметшілерге жауынгерлік қызмет үшін қажетті жағдай жасауға басымды берілген. Далалық жағдайларда орналастыру барынша жайлылық, жасырынушылық пен қайта орын алмастыру кезінде ұтқырлықты біріктіру үшін жасалған.



Жеке құрамның ыстық тағаммен тамақтануы, монша-кір жуу қызметі бөлімдердің шаруашылық жабдықталым пункттерінде ұйымдастырылған. Далалық жағдайларда материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелері шаруашылық 42 пунктпен жабдықталған. Тамақтануды ұйымдастыру үшін 100-ден аса аспазшы, шамамен 200 бірлік азық-түлік қызметінің техникалық құралдары, оның ішінде, бір тәулік ішінде 5 тонна нан пісіретін далалық механикаландырылған нан зауыты және әскери қызметшілерді заттай мүліктің қажетті санымен қамтамасыз етуге арналған далалық қойма тартылыпты.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет