Алматы облысында баласын сатпақ болған жүкті шетелдік әйел ұсталды

0
443

Аталған азаматшаның әлеуметтік желіде жүктіліктің жетінші айындағы туылмаған баласын сату туралы хабарландыру жариялағаны анықталды.


Алматы облысында баласын сатпақ болған жүкті шетелдік әйел ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы облысында құрсақтағы баласын сатпақ болған 24 жастағы көрші республика азаматын полицейлер ұстады, деп жазады zakon.kz.

24 қарашада Instagram желісінде Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов хабарлағандай, облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қарасай ауданында көрші мемлекеттің тумасын ұстады.

Аталған азаматшаның әлеуметтік желіде жүктіліктің жетінші айындағы туылмаған баласын сату туралы хабарландыру жариялағаны анықталды.

"Аталған дерек ҚР ҚК 135-бабының 1-бөлігі бойынша Қарасай ауданы ПБ-да тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты тергеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптама тағайындаумен тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде."Бауыржан Әленов

Заңнамада белгіленген тәртіппен ұсталған азаматша аудандық полицияның УҰИ-на қамаққа алынды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.