Алматы облысында ерлі-зайыпты екеу тұрғындардың 1,5 млрд теңгесін иемденіп кеткен

0
1 213

«Елімай-2019» ТК қаржы пирамидасын ұйымдастырған.


Алматы облысында ерлі-зайыпты екеу тұрғындардың 1,5 млрд теңгесін иемденіп кеткен

ERNUR.KZ. Алматы облысында «Елімай-2019» ТК ұйымдастырушылары қаржы пирамидасын құрғандары үшін бас бостандығынан айырылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мәлім етті.

«Елімай-2019» тұтыну кооперативі қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 2019-2021 жылдар аралығында қайтарымсыз қарыз беру түрінде 3 мыңға жуық салымшының 1,5 млрд теңгеден аса қаражатын заңсыз тартқан», - делінген хабарламада.

Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу мақсатында тергеу басырында қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларына тиесілі құны 1,2 млрд теңгелік мүлік анықталып, мүлікке және 129 млн теңгеге шектеу қойылды.

«Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы жұбайларға 6 және 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Шектеу қойылған мүлік жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге жұмсалатын болады», - делінген хабарламада.

Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасын құру, басшылық ету және жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертеді.