Алматы облысында қаза тапқан әскерилердің отбасына 5 млн теңге өтемақы төленді

0
487

Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктермен қаза тапқандар мен олардың туыстарының несиелері кешірілді.


Алматы облысында қаза тапқан әскерилердің отбасына 5 млн теңге өтемақы төленді

ERNUR.KZ. Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев қасіретті қаңтар оқиғасында ажал құшқан әскерилердің отбасына көмек көрсетілгендігін мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыс әкімінің айтуынша, қаза тапқан 8 күштік құрылым қызметкерлері отбасыларының әрқайсысына 5 млн теңгеден өтемақы төленді. Сондай-ақ, екінші деңгейлі банктермен қаза тапқандар мен олардың туыстарының несиелері кешірілді.

«Зардап шеккен 135 полиция қызметкері мен әскери қызметшілерге 2 млн теңгеге дейін төленуде. Мұқтаж төрт отбасыға тұрғын үй сатып алынуда»,-деді өңір басшысы.

Айта кетейік, Президенттің тапсырмасына сәйкес облыс орталығында қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Облыс әкімдігі, полиция басқармасы және «Nur Otan»

партиясы ғимараттарына жөндеу жұмыстары жасалынып жатыр. Алдын ала есептеулер бойынша 5,9 млрд теңге қажет.