Алматы облысында майлық шығаратын цехта алапат өрт болды

0
449


Алматы облысында майлық шығаратын цехта алапат өрт болды

ERNUR.KZ. 17 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылында орналасқан өнеркәсіптік базада өрт болды, деп жазады Zakon.kz.


Алдымен өрттің видеосы әлеуметтік желілерде тарады.



Кейін ҚР ТЖМ баспасөз қызметі өрттің Алматы облысындағы майлықтар шығаратын цехта орын алғанын нақтылады.


Видео kris_pi_almaty парақшасынан алынды.

2024 жылы 17 наурызда сағат 09:43-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Еңбекшіқазақ ауданының Бәйтерек ауылында қойманың жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақыру бойынша жедел түрде жіберілді.

"Оқиға орнына келгеннен кейін жалпы аумағы 1000 шаршы метр алаңда бір қабатты цех өртеніп, от жақын орналасқан көрші үйдің уақытша тұрғын үй құрылысына ұласқаны анықталды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 11:01-де оқшауланды, қызыл жалынның үйге тарау қаупі жойылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 54 қызметкері мен 17 техникасы жұмылдырылғаны да нақтыланады.