Алматы облысында пышақ жарақатын алған қыздың жағдайы ауыр

0
727

Оқушы қызды пышақтап кеткен күдікті ұсталды.


Алматы облысында пышақ жарақатын алған қыздың жағдайы ауыр

ERNUR.KZ. Алматы облысы Ұзынағаш ауылында жас жігіт пышақтап кеткен 15 жастағы қыздың жағдайы бірқалыпты ауыр. Бұл туралы Жамбыл аудандық орталық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Тимур Құрбанбаев мәлім етті, деп жазады inform.kz.

Тимур Құрбанбаевтың сөзінше, науқасқа шұғыл түрде операция жасалды. Ота кезінде дәрігерлер оқушы қыздың бауырының оң жақ тұсы, асқазан, іш майының тамырлары және іштің ашық зақымдануын анықтады.

«Аралас жарақатқа және операцияның ауырлығына байланысты, науқастың жағдайы бірқалыпты ауыр деп бағаланады. Қазір қызды хирургиялық бөлімге ауыстырдық. Сол жерде ары қарай тиісті ем-домын қабылдайды», - деді бөлім меңгеруші Тимур Құрбанбаев.

Бұған дейін оқушы қызды пышақтап кеткен күдіктінің ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.