Алматы облысында шетел азаматы әйелін пышақтаған

0
2 343

Күдіктінің сөзінше, олар ішімдік ішіп отырып ұрысып қалған.


Алматы облысында шетел азаматы әйелін пышақтаған

ERNUR.KZ. Алматы облысы Талғар қаласының ауруханасына пышақ жарақатымен түскен 40 жастағы келіншек қайтыс болды. Марқұмның азаматтық некедегі күйеуі оның өліміне басты күдікті болып отыр, деп жазады nur.kz.

Полицияның мәліметінше, Өстемір ауылында тұратын келіншек ауруханаға пышақ жарақатымен түскен. Алайда оны құтқарып қалу мүмкін болмаған.

Емдеу мекемесінен жаралы әйелдің түскені туралы хабарлама алған полицейлер бірден оның тұрғылықты мекен-жайына аттанған.

Тергеу деректеріне сүйенсек, әйел адамға марқұмның 35 жастағы азаматтық некедегі күйеуі пышақ жарақатын салды деп күдіктелуде. Ер адам Өзбекстан азаматы.

Күдіктінің сөзінше, олар ішімдік ішіп отырып ұрысып қалып, ер адам келіншектің ішіне ас үй пышағын сұғып алған.

Күдіктінің бірден жедел жәрдем шақырмағаны анықталған. Полиция қызметкерлері, дер кезінде көмек көрсетілсе ауыл тұрғынын аман алып қалу мүмкін еді дейді.