Алматы облысында спортшы қыз туған күні қарсаңында жол апатынан қаза болды

0
467

Спортшы қыз кешке жаттығудан үйіне қайтып бара жатқан.


Алматы облысында спортшы қыз туған күні қарсаңында жол апатынан қаза болды

ERNUR.KZ. Алматы облысында спортшы қызды көлік қағып кетті. 2005 жылы туған Анастасия Тодорова туған күні қарсаңында қаза болды, деп жазады Tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға Үштөбе қаласына жақын маңдағы тасжолда, Ортатөбе ауылы маңында болған. Toyota көлігінің жүргізушісі жол жиегінде келе жатқан 15 жастағы қызды қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы болған жерден түсірілген видеоны Instagram-да ushtobeqz-тобы жариялады. Анастасия пауэрлифтингпен айналысқан және куәгерлердің айтуынша, сол күні кешке жаттығудан үйіне қайтып бара жатқан.


Алматы облысының полиция департаменті мәліметінше, оқушы қызды қағып кету оқиғасы 9 қарашада сағат 18.30 шамасында болған.

"Toyota Mark II көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды. Шетелдік көлікті 27 жастағы ер адам солтүстік бағытта басқарып келе жатып, Ортатөбе ауылының маңында жол апатына ұшыраған.
15 жастағы қыз жол жиегінде сол бағытта келе жатқан. Апат салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза болды", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.