Алматы облысында Талғар шекарасы өзгертілмек

0
514

​Алматы облыстық мәслихаты шешімі және Алматы облысының әкімдігі қаулысының қосымшасына сәйкес, Талғар шекарасын өзгерту ұйғарылған.


Алматы облысында Талғар шекарасы өзгертілмек

ERNUR.KZ. Алматы облысы Талғар қаласы шекарасының шегі өзгертілмек. Құжат жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, деп жазады tengrinews.kz.

Алматы облыстық мәслихаты шешімі және Алматы облысының әкімдігі қаулысының қосымшасына сәйкес, Талғар шекарасын өзгерту ұйғарылған.

"Талғар қаласының шекарасы (шегі), оның шегіне жалпы ауданы 853,1245 гектар Кеңдала және Алатау ауылдық округтерінің кейбір жерлерін қоса отырып өзгертілсін. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихаты шешімінің және Алматы облысының әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін", - делінген хабарламада.