Алматы облысында жер сілкінісі орын алды

0
976

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 9.2. MPV магнитудасы – 4.3.


Алматы облысында жер сілкінісі орын алды

ERNUR.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 30 қараша күні 15 сағат 05 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Дәлірек айтқанда Алматы облысының Кербұлақ ауданында.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 9.2. MPV магнитудасы – 4.3. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ.