Алматы облысының екі тұрғыны миллион теңгенің дөңгелектерін ұрлап кеткен

0
352

Күдіктілер ұсталды.


Алматы облысының екі тұрғыны миллион теңгенің дөңгелектерін ұрлап кеткен

ERNUR.KZ. Жетісу ауданында 24 жастағы жігіттер бөтеннің мүлкін ұрлаған, деп жазады zakon.kz.

"Олар Рысқұлов даңғылындағы қоймалардың бірінің құлпын бұзып, төрт дөңгелекті ұрлап кеткен. Жәбірленуші шығын көлемін 1 миллион теңгеге бағалаған. Күдіктілер ұсталды. Айғақты заттар тәркіленді және аса ірі көлемдегі ұрлық бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Ұсталған адамдарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта тергеу олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр", – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.