Алматы облысының тұрғындары мас ер адамды педофил деп қателесіп, соққыға жыққан

0
494

Видео авторы ауыл тұрғындарымен бірге кішкентай қызды зорлап жүрген педофилді ұстадық деп мәдімдейді.


Алматы облысының тұрғындары мас ер адамды педофил деп қателесіп, соққыға жыққан

ERNUR.KZ. Алматы облысы Шамалған ауылының тұрғындары қызды зорламақшы болды деген күдікпен ер адамды ұрып-соққан, деп жазады stan.kz.

Видео авторы ауыл тұрғындарымен бірге кішкентай қызды зорлап жүрген педофилді ұстадық деп мәдімдейді. Олар учаскелік полиция қызметкерін, содан кейін барлық полиция құрамын шақырады. Оған дейін өздері ер адамды ұрып-соғып, оны видеоға да түсіреді.

Істі анықтай келе жағдай мүлдем басқа болып шыққан. Тергеу барысында видеодағы ер адам қонаққа келгені және сыртқа шығып қақпаны шатастырып басқа біреудің үйіне кіріп кеткені анықталды. Кәмелетке толмаған қыз бала оны көргенде айғайлап жіберген, соның салдарынан ағалары келіп, ер адамды ұрып-соғып ұстаған.

Алайда, ұрып-соғу фактісі бойынша іс қозғалмады. Өйткені тараптар полиция бөлімшесінде татуласып, бір-біріне қарсы шағымдары жоқ екенін жеткізді. Бір-бірінен кешірім сұрап, тарқасты.