Алматы соты кәсіпкер Орифджан Шадиевтің үкімін өзгертті

0
282

Шілдеде Алматының Алмалы аудандық соты Орифджан Шадиевті 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған болатын.


Алматы соты кәсіпкер Орифджан Шадиевтің үкімін өзгертті

ERNUR.KZ. Алматы соты бұған дейін "Билікті асыра пайдалану" бабы бойынша сотталған кәсіпкер Орифджан Шадиевтің үкімін өзгертті, деп жазады stan.kz.

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен Шәдиев пен оның көмекшісі Михаил Соловьев пробациялық бақылау арқылы бас бостандығын шектеудің нақты мерзімімен ауыстырылды.

"Шадиев Орифджан Кабулович Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 250-бабының 2-бөлігімен 2 (екі) жылға бас бостандығын шектеуге, Қылмыстық кодекстің 50-бабының 3-бөлігі негізінде қаржы ұйымының, банктік және сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымдарын атқаруға және қаржы ұйымының ірі қатысушысы болуға өмір бойына тыйым салынсын", - делінген қаулыда.

Михаил Соловьевке қаржы ұйымдарында басшылық қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынып, бір жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, шілдеде Алматының Алмалы аудандық соты Орифджан Шадиевті 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған болатын. Соловьев пенитенциарлық жүйенің қауіпсіздігі ең төменгі мекемелерінде бір жылға бас бостандығынан айырылды. Айыптаушы тараптың айтуынша, Шәдиев AsiaCreditBank-тің басшысы бола тұра, жалпы сомасы 16 миллиард теңгеден астам бұрын берілген несиелер бойынша өтімді кепілдікті ауыстырып, алаяқтық жасаған.