Алматы тауларынан ер адамның денесі табылды

0
439

Алдын ала дерек бойынша ол – төрт күн бойы іздестіріліп жатқан турист.


Алматы тауларынан ер адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Бүгін Алматы тауларында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның денесі табылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Алдын ала дерек бойынша ол – төрт күн бойы іздестіріліп жатқан турист. Ресей Федерациясының 1984 жылы туған азаматы 5 тамызда таңертең тауға кетіп, жоғалып кеткен болатын.

«Қазақстандық құтқарушылар жыл сайын тауда 160-қа жуық туристті құтқарады. Биыл жыл басынан бері таулы жерлерде 152 адам құтқарылды», – деді Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінен.