Алматы зообағында қашып жүрген шимпанзені қуу – желіде видео пайда болды

0
541

Шимпанзе балалы әйелді итеріп жіберіп, соның салдарынан бала зардап шеккен.


Алматы зообағында қашып жүрген шимпанзені қуу – желіде видео пайда болды

ERNUR.KZ. Instagram желісінде Алматы хайуанаттар бағында тордан қашып шыққан Паша атты шимпанзенің видеосы жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Видеода зообақ қызметкерлері шимпанзені жіптен тоқылған тормен тоқтатпақ болады. Алайда жануар оларды мазақ еткендей, оп-оңай қашып кетіп жүр.

Айта кетсек, 19 сәуірде Алматы хайуанаттар бағындағы тордан шығып кеткен шимпанзе балалы әйелді итеріп жіберген. Соның салдарынан бала зардап шеккен. Хайуанаттар бағының фельдшері балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейіннен жедел жәрдем шақыртқан.

Зоотехниктер мен мал дәрігерлері көп ұзмай жануарды қорасына қайта кіргізген. Хайуанаттар бағы зардап шеккен баланың ата-анасымен байланыста болатынын және емделуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.