Алматы зообағында шимпанзе тордан қашып кетті: бір бала жарақат алды

0
481

"Приматтар" бөліміндегі Паша есімді шимпанзе қысқы қоршаудан жазғы қоршауға ауыстырылатын кезде, арнайы темір торды бұзып, вольерден сыртқа шығып кеткен.


Алматы зообағында шимпанзе тордан қашып кетті: бір бала жарақат алды

ERNUR.KZ. Алматы зообағында төтенше оқиға болды - шимпанзе тордан шығып, әйелді итеріп жіберді, деп жазады tengrinews.kz.

"Приматтар" бөліміндегі Паша есімді шимпанзе қысқы қоршаудан жазғы қоршауға ауыстырылатын кезде, арнайы темір торды бұзып, вольерден сыртқа шығып кеткені айтылады.

"Өз аумағынан шығып кеткендіктен, стресс жағдайына ұшыраған шимпанзе жүгіріп келе жатып әйел мен кішкентай бала отырған қоларбаны итеріп жіберген. Бала жарақат алған. Зообақ фельдшері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Артынан жедел жәрдем шақырылды. Қазір баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген хабарламада.
Зоотехниктер мен ветеринарлар жағдайды реттеп, шимпанзе вольерге кіргізілгені хабарланды.
"Зообақ басшылығы мен қызметкерлері зардап шеккен баланың ата-анасымен үнемі байланыста болады және қажетті медициналық көмек көрсетуге дайын", - деді зообақ баспасөз қызметіндегілер.