Алматыда 7 мектепке "бомба" қойылды

0
703

Бұл дерек бойынша шұғыл қызмет тексеру жүргізді.


Алматыда 7 мектепке

ERNUR.KZ. Бүгін Алматыда полицияға 7 мектепке бомба қойылған болуы мүмкін деген хабар түсті, деп жазады inbusiness.kz.

'Бұл дерек бойынша шұғыл қызмет тексеру жүргізді, саперлік бөлімшелер нысандарды тексерді. Нәтижесінде жарылғыш заттар табылған жоқ", - деп жазылған хабарламада.

Алматы қаласы полиция департаменті тексеріс барысында мұғалімдер мен оқушылар мектепте болмағанын атап өтті.