Алматыда Air Astana рейсінде тырысқақпен ауырған жолаушы анықталды

0
462

Науқасты ғана емес, онымен байланыста болғандарды да ауруханаға жатқызуға тура келді.


Алматыда Air Astana рейсінде тырысқақпен ауырған жолаушы анықталды

ERNUR.KZ. Air Astana авиакомпаниясының Дели - Алматы әуе рейсінде жолаушыдан тырысқақ ауруы анықталды, деп жазады sputnik.kz.

Дәрігерлер рейсте жиі іші өтіп, әлсіреп, аузының құрғағанына шағымданған жолаушыны анықтаған. Қырғыз Республикасының азаматы Делиден Қырғызстанға Алматы арқылы бара жатқан, дейді министрлік.
"Санитарлық-карантиндік бақылау мамандары жұқпалы ауруға күдікті әйелді жедел медициналық тексеріп, талдау нәтижелерін алғаннан кейін "тырысқақ" диагнозы қойылды", - делінген хабарламада.
Санитарлық дәрігерлер сырқат жолаушымен жақын байланыста болған басқа да адамдарға зертханалық тексеру жасаған.
"Науқаспен байланыста болған жолаушылар Алматының инфекциялық стационарына жатқызылды. Әуе кемесінің бортында дезинфекция жүргізілді", - деді денсаулық сақтау министрлігі.
Жолаушыларға аурудың белгілері және тырысқақ ауруының алдын алу шаралары туралы айтылды, симптомдар пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
"Эпидемиологиялық қызметтер тарапынан инфекция ошағын уақтылы анықтау және оқшаулау тырысқақтың ел ішінде таралуына жол бермеуге мүмкіндік берді", - деді ведомство.
Ал науқас ауруханаға жатқызылып, барлық қажетті медициналық көмекті алып жатыр.
Шетелде тырысқақтан қалай аулақ болуға болады
Денсаулық сақтау министрлігі тырысқақ ауруы бойынша қолайсыз елдерге (Африка, Азия, соның ішінде Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан елдері) барған кезде қалай сақтану керектігін айтты:
қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішіңіз;
әр түрлі сусындарды салқындату үшін мұзды пайдаланудан аулақ болыңыз;
тұтынар алдында өнімдерді тиісті термиялық өңдеуді жүргізу;
жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуыңыз;
әр тамақ алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз;
тек рұқсат етілген су айдындарында шомылу, бұл ретте ауыз қуысына судың түсуіне жол бермеу;
аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.