Алматыда әскери ЖОО-да курсант қаза тапты

0
867


Алматыда әскери ЖОО-да курсант қаза тапты

ERNUR.KZ. Алматыдағы Қорғаныс министрлігінің Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанты қаза тапты. Жігіттің денесі оқу орнынының аумағынан табылған, деп жазады тengrinews.kz.

"Құрлық әскерлері Әскери институты курсантының қаза болуы дерегі бойынша ҚР ІІМ әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - делінген редакцияның ресми сұрауына берілген жауапта.

Оқиғаның мән-жайы айтылмайды.

Алайда, Tengrinews.kz сенімді дереккөздерден алған мәліметінше, осы институттың екі курсанты 19 жастағы жігіттің денесін тапқан - екінші курста оқитын жігіттің денесі институт аумағында асылып тұрған жерінен табылған. Оқиға 2019 жылы 23 желтоқсанда болған.