Алматыда банктердің біріне қарақшылық шабуыл жасалды (видео)

0
492

Оқиға 15 қазан күні болған.


Алматыда банктердің біріне қарақшылық шабуыл жасалды (видео)

ERNUR.KZ. Алматыда банк бөлімшесіне шабуыл жасалды, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 15 қазан күні болған.


«Алматыда қаруланған екі қарақшы Kaspi.kz филиалына шабуыл жасады. Жұмыс күні аяқталуға жақын қалғандықтан, банк бөлімшесінде клиенттер болған жоқ. Белгісіз адамдар банк қызметкерлерін қарумен қорқытып, алдын ала мәліметтер бойынша 2 млн теңгені алып кеткен. Абырой болғанда, қызметкерлердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Полиция дабыл соғыла салысымен, көп ұзатпай келді.

Kaspi.kz қауіпсіздік қызметі құқық қорғау органдарымен бірлесіп әрекет жасауда. Қылмыскерлер табылып, заң бойынша жазаланады»,– деп хабарлады полициядан.