Алматыда бәзбіреулер тірі құмырсқа салынған сәлемдемені заңсыз өткізбек болған

0
1 236

Жәндіктер Италиядан жіберілген.


Алматыда бәзбіреулер тірі құмырсқа салынған сәлемдемені заңсыз өткізбек болған

ERNUR.KZ. Алматы халықаралық әуежайында кеден бекеті арқылы тірі құмырсқалар салынған сәлемдемені заңсыз алып өту әрекетінің жолы кесілді. Жәндіктер Италиядан жіберілген, деп жазады zakon.kz.

Алматы мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, Алматы МКД "Жетісу" кеден бекетінің қызметкерлері Қазақстанға тірі құмырсқаларды кіргізу әрекетін тоқтатқан. Италиядан келген қаптамада жәндіктер салынған 7 қорап мен 22 пластик ыдыс болған. Ресми түрде қорапта кондитерлік өнімдер болған деген болжам бар.

Жабайы тірі жәндіктер Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі шешіміне сәйкес ЕАЭО аумағына әкелудің рұқсат етілген тәртібі белгіленген тауарлар тізбесіне енгізілген. Осылайша құмырсқаларды рұқсатсыз, заңсыз әкелмек болған.

"Осы факті бойынша материалдар уәкілетті мемлекеттік органға процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды. Департамент тыйым салынған және шектелген тауарлардың, соның ішінде әскери және қосарлы мақсаттағы тауарлардың қозғалысына тұрақты мониторинг жүргізетінін еске саламыз", - деді Алматы МКД.