Алматыда бейбіт митинг өткізу тәртібі өзгереді

0
493

Құжат 2024 жылдың 10 қаңтарына дейін Ашық НҚА сайтында қоғам талқысында болады.


Алматыда бейбіт митинг өткізу тәртібі өзгереді

ERNUR.KZ. Алматы мәслихаты мегаполисте бейбіт жиын ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін өзгертетін шешім жобасын әзірледі, деп жазады inform.kz.

Мәслихаттың шешімімен Алматы қаласында бейбіт жиын ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, сондай-ақ арнайы орындарды пайдалану тәртібін айқындау туралы 2020 жылғы 23 маусымдағы № 462 шешімінің 5-тармағына өзгеріс енгізілді.

«5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Заңның 9-бабы 5-тармағында көзделген объектілердің іргелес аумақтарынан кемінде 400 метр арақашықтық шекарамен айқындалсын. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткенде қолданысқа енгізіледі» делінген жазбада.

Құжат 2024 жылдың 10 қаңтарына дейін Ашық НҚА сайтында қоғам талқысында болады.

Еске салсақ, Алматы әкімдігі бейбіт митингі, жиналыс пен шеру өтетін төрт орынды нақтылап берген болатын.

Яғни, Махатма Ганди атындағы саябақта, «Сары Арқа» кинотеатрының артындағы алаңда, Шоқан Уәлиханов алаңында, сондай-ақ Шоқан Уәлиханов алаңынан Шевченко көшесінің бойындағы Махатма Ганди атындағы саябаққа дейін жол бойында өткізуге болады.