Алматыда Glovo курьерлері наразылық акциясына шықты

0
426

Glovo компаниясы наразылыққа қатысты түсініктеме берді.


Алматыда Glovo курьерлері наразылық акциясына шықты

ERNUR.KZ. Glovo компаниясының курьерлері наразылық акциясына шықты, деп жазады zakon.kz.

Жас жігіттер компания бонустар мен үстеме ақыларды, платформаға қосылу шарттары мен бағыт-бағдарларды оңтайландыру мәселелерін талқылау үшін кеңсе алдына жиналды.

Курьерлік қызметке сәйкес, қызметкерлер жүйемен келіспеген жағдайда басқа компаниямен ынтымақтастықты таңдауға құқылы.

Glovo бұған қатысты мынандай түсініктеме берді: курьерлердің тапсырыстарды күту уақытын қысқарту және маршрутты оңтайландыру туралы сұраным мен ұсыныстары серіктес мейрамханаларға, техникалық қызметтерге жолданды.

Айта кетсек, мамыр айының басында қалада Wolt. курьерлері ереуілге шыққан болатын.