Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен екі ер адам өлі табылды

0
435

Қылмысқа күдіктілер анықталып, қамауға алынған.


Алматыда із-түзсіз жоғалып кеткен екі ер адам өлі табылды

ERNUR.KZ. Алматыда жоғалып кеткен екі жігіт өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.

1983 жылы туған Арғымбеков Жарқын Құралбайұлы 28 қыркүйекте жоғалып кеткен. Күндізгі сағат 11 шамасында ер адам ақ түсті Mitsubishi L200 көлігімен Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылынан шығып кеткен. Осыдан кейін оны ешкім көрмеген. 1 қазанда жоғалған ер адамның қайтыс болғаны белгілі болды. Оның өлімінің мән-жайы айтылмады.


1992 жылы туған Териянов Равиль Мирзалимович 29 тамызда жоғалып кеткен. Сағат 18:00 шамасында Айнабұлақ-2 ықшамауданындағы үйінен шығып кетіп, хабарсыз кеткен. Іздеу жұмыстары тура бір айға созылды. 29 қыркүйекте Еңбекшіқазақ ауданындағы ауылдардың бірінің шетінен полиция қызметкерлері зорлық-зомбылықпен өлген із-түзсіз жоғалған адамның денесін тапты. Қылмысқа күдіктілер анықталып, қамауға алынған.