Алматыда қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандарды азаптаған полицейлер сотталды

0
455

Заңсыз әрекеттің салдарынан үш жәбірленуші жарақат алған.


Алматыда қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандарды азаптаған полицейлер сотталды

ERNUR.KZ. Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталғандарды азаптаған полиция қызметкерлері сотталды, деп жазады sputnik.kz.

"19 наурызда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптау фактісі бойынша үш полиция қызметкеріне қатысты үкім жарияланды.Қылмыстық істі Алматы қаласының арнайы прокурорлары тергеді", - деп жазылған хабарламада.
Прокурорлар 2022 жылдың 9 қаңтарында Алмалы аудандық полиция басқармасында 3 азаматты полицейлер азаптағанын дәлелдеді.
Заңсыз әрекеттің салдарынан үш жәбірленуші жарақат алған.
Сот үкімімен үш сотталушы арнаулы атақтары мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылып, оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза кесілді.
Олар сот залында қамауға алынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.