Алматыда қарақшылардың әрекеті видеоға түсіп қалды

0
593

Түнгі екіде бетперде киген екі адам жанармай құю бекетіне баса көктеп кірген.


Алматыда қарақшылардың әрекеті видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Алматы қаласында жанармай құю станциясын тонап кетті. Қарақшылардың әрекеті видеоға түсіп қалды, деп жазады sputnik.kz.

Түнгі екіде бетперде киген екі адам жанармай құю бекетіне баса көктеп кірген. Біреуінің қолында шеге суырғыш, ал екіншісі балта ұстап келді. Олар кассир мен күзетшіні бөлмеге қамап, кассадағы 100 мың теңгені алып кетті. Қызметкерлердің ұялы телефондарын да қалтаға салып алды.
Екі қарақшы да сол күні қолға түсті. Оларды тергеу изоляторына қамап тастады. Біреуі 23 жаста, ал екіншісі одан бір жас кіші.
"Олар Алматыға жұмысқа орналасу үшін келген, бірақ ақша табудың бұдан басқа оңай жолын ойлап таппаған", - дейді полицейлер.
Енді, екеуі де Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған тонау) бойынша жауап береді. Осы қылмыс үшін үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.