Алматыда карантин шектеулері жеңілдетілді

0
555

22 қарашадан бастап барлық тасымалдау қызметі, оның ішінде туристік бағыттар бойынша турлар қайта қызмет жасай бастайды.


Алматыда карантин шектеулері жеңілдетілді

ERNUR.KZ. Алматы қаласының “жасыл” аймаққа өтуіне орай мегаполисте карантин шаралары жеңілдетілді, деп жазады Stan.kz.

22 қарашадан бастап барлық тасымалдау қызметі, оның ішінде туристік бағыттар бойынша турлар қайта қызмет жасай бастайды.

Теміржол вокзалдары, халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ білім беру ұйымдары, асханалар, моншалар, дене шынықтыру-сауықтыру орталықтары мен сұлулық салондары шектеусіз жұмыс істейді.

Мейрамханалар, дәмханалар 50% сыйымдылық бойынша жұмыс істей алады. Негізгі шарт нысан Ashyq жүйесінің мүшесі болуы керек.