Алматыда келесі жылдан бастап дизельді автобустарды сатып алуға тыйым салынады

0
688

Ерболат Досаев мегаполисте қоғамдық көліктің экологиялық түрлеріне толық көшу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.


Алматыда келесі жылдан бастап дизельді автобустарды сатып алуға тыйым салынады

ERNUR.KZ. Алматыда 2024 жылдан бастап дизельді автобустарды сатып алуға тыйым салынады, деп жазады sputnik.kz.

Алматы әкімі Ерболат Досаев мегаполисте қоғамдық көліктің экологиялық түрлеріне толық көшу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
Әкімдік келесі жылдан бастап дизельмен жүретін автобустарды сатып алуға тыйым салуды жоспарлап отыр.
"Биыл 1 430 бірлік экологиялық көлік жеткізіледі, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 600 автобус пен 100 троллейбус. Жеке тасымалдаушылар 730 автобус, оның ішінде 30 электробус сатып алады. Келесі жылдан бастап дизельді автобустарды сатып алуға тыйым салынады", - деді Досаев
Бұл шаралар экологиялық таза қоғамдық көліктердің үлесін осы жылы 60%-ке, ал 2025 жылға қарай 100%-ке дейін жеткізуге мүмкіндік береді, деп атап өтті әкімдік.