Алматыда қоғамдық көліктер 20 пайызға қысқарды

0
673

Егер жолаушылар саны артатын болса, қосымша автобустар шығарылады.


Алматыда қоғамдық көліктер 20 пайызға қысқарды

ERNUR.KZ. Алматыда қоғамдық көлік 20%-ға қысқарды, деп жазады ҚазАқпарат.


«Кейбір бағыттар бойынша маршруттар 20% қысқарды. Қазір барлық қоғамдық көлікте бейнекамера орнатылған, сол бойынша мониторинг жүргізіліп отырады. Егер жолаушылар саны артатын болса, қосымша автобустар шығарылады»,- деді онлайн брифинг барысында Алматы қалалық мобилділік басқармасының басшысы Ерлан Әділов.


Айта кетейік, Алматыда коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл қою мақсатында қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелген.