Алматыда көлік аялдамаға соғылып, 7 адам ауруханаға түсті

0
605

1987 жылы туған көлік жүргізушісі Абылай хан даңғылы бойымен келе жатып, Райымбек даңғылына бұрылғанда тізгінге ие бола алмай қалған.


Алматыда көлік аялдамаға соғылып, 7 адам ауруханаға түсті

ERNUR.KZ. Алматыда Mercedes көлігі автобус аялдамасына соғылып, салдарынан жеті адам жарақат алды, деп жазады ulysmedia.kz.

Апат жайлы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Полиция мәліметінше, оқиға 28 тамызда 12:20 шамасында болған.

1987 жылы туған көлік жүргізушісі Абылай хан даңғылы бойымен келе жатып, Райымбек даңғылына бұрылғанда тізгінге ие бола алмай қалған. Салдарынан аялдамаға соғылыпты.

"Жол апаты салдарынан 7 адам жарақат алды. Олар қаладағы медицина мекемесіне жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелді", – делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, елімізде жол апатынан қаза тапқан балалар саны күрт өсті.