Алматыда күйеуі әйелін атып өлтірді: көршілер қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін айтты

0
576

Қанға малынған ата-ананы жұмыстан келген ұлдары бірінші көрген.


Алматыда күйеуі әйелін атып өлтірді: көршілер қайғылы оқиғаның егжей-тегжейін айтты

ERNUR.KZ. 48 жастағы алматылық жұбайымен жанжал кезінде қолына мылтық алып, әйелін өлтіреді. Артынша өзіне де қол жұмсауға шешім қабылдады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қанға малынған ата-ананы жұмыстан оралған ұлы көреді. Ол көршілерін көмекке шақырады. Балаларының пайымынша, әкесі мұндай қадамға ажырасқысы келіп жүрген әйелін қызғанғандықтан барған.

«Кісі өлтіруге қызғаныштан барды, күйеуі әйелін өлтірді. Олар 19:20-да табылды. Балалары маған қоңырау шалды, сосын мен келдім. Полиция сағат 19: 30-дан 5-ке дейін осында болды. Ажыраспаған етін, бірақ, ажырасуға өтініш берген», - деді көршісі.

Кісі өлтіру мен суицидке шынымен де қызғаныш себеп болды ма, оны полицейлер анықтайды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Бұл факт ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сараптама тағайындалды», - деп хабарлады полициядан.