Алматыда «Louis Vuitton» брендімен жалған сөмкелер жасалған

0
816

«Louis Vuitton Malletier» брендінің жалған 927 жол сөмкесі табылған.


Алматыда «Louis Vuitton» брендімен жалған сөмкелер жасалған

ERNUR.KZ. Алматы қалалық Экономикалық тергеу департаменті «Louis Vuitton Malletier» танымал брендінің жол сөмкелерін заңсыз жасап келген цехті анықтады, деп жазады ҚазАқпарат.

«17 қыркүйекте Алматы қаласы аумағында жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде контрафактілік жол сөмкелерін жинайтын цех, қойма және оны өткізетін 3 сауда нүктесі әшкереленді», - делінген мәліметте.

Тексеру барысында «Louis Vuitton Malletier» брендінің жалған 927 жол сөмкесі, сондай-ақ оны жинауға арналған құрылғылар табылып, тәркіленді.

Күдікті адамға қатысты ҚР ҚК-нің 222-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді.

2019 жылдың 28 қыркүйегінде ҚР ҚПК-нің 528-бабына сәйкес қылмыстық іс Алмалы аудандық сотының қарауына жолданды.