Алматыда науқастар ВИЧ жұқтырды: 600-ге жуық адам тексерілді

0
484

14 маусымда Алматы қаласының ЖИТС орталығының мамандары ем қабылдағандар арасында қаланың Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ жұқтырған үш науқасты анықтаған.


Алматыда науқастар ВИЧ жұқтырды: 600-ге жуық адам тексерілді

ERNUR.KZ. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінде Алматы ауруханасында АИТВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтыру бойынша тергеу барысы туралы айтты, деп жазады sputnik.kz.

"Барлық науқастар 2023 жылдың сәуір айында Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының бірнеше бөлімшелерінде медициналық көмек алғаны анықталды", - делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта АИТВ жұқтырғандардың барлық жүру бағыттары мен байланыста болған адамдары анықталып жатыр.
"Байланыста болған 593 адамнан АИТВ-ға тексеру үшін материал алынды, оның 419-ы теріс нәтиже көрсетті, қалған 174 адам тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада.
Тергеу аясында науқастардың маршруттары белгіленеді, ауруханадағы медициналық қызметтердің сапасы бағаланады, деп толықтырды ведомстводан.
"Денсаулық сақтау министрлігі тергеу барысын ерекше бақылауда ұстайды және бұл туралы жұртшылықты үнемі хабардар етіп отырады", - деп сендірді олар.
Естеріңізге сала кетейік, 14 маусымда Алматы қаласының ЖИТС орталығының мамандары ем қабылдағандар арасында қаланың Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ жұқтырған үш науқасты анықтаған. Сол күннен бастап денсаулық сақтау министрлігі бұл оқиғаны тергеуді бастады.