Алматыда оппозиция жетекшісі Жасарал Қуанышәлинді ақтық сапарға шығарып салды

0
881

Саясаткер Кеңсай зиратына жерленді.


Алматыда оппозиция жетекшісі Жасарал Қуанышәлинді ақтық сапарға шығарып салды

ERNUR.KZ. 20 мамырда таңертең Алматыда орталық мешітте оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлинмен қоштасу рәсімі өтті, деп жазады Stan.kz.

Жаназаға жиналғандар арасында саясаткердің үзеңгілес әріптестері, саясаткерлер, белсенділер бар екені айтылады.

Саясаткер Кеңсай зиратына жерленді.

Жасарал Қуанышәлин 18 мамырда 74 жасында ауруханада көз жұмған. Ол бірнеше күн бұрын ауыр науқастанып, ауруханаға түскен еді.

Қуанышәлин 1949 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 7 сәуірде саясаткер 74 жасқа толған.