Алматыда полиция көлігі өртеніп кетті

0
1 607

Өрт 12:53-те ауыздықталып, 12:59-да толығымен сөндірілді


Алматыда полиция көлігі өртеніп кетті

ERNUR.KZ. Алматыда полиция көлігі өртеніп кетті, деп жазады Tengrinews.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Жарияланған видеоның сипаттамасында көліктің Хмельницкий мен Майлин көшелерінің қиылысында өртенгені жазылған.


Осы мәліметті ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің өкілдері растады. Патрульдік көліктің өртеніп жатқаны туралы хабар 12:50-түскен. Оқиға орнына Алматы төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамның төрт маманы мен бір өрт сөндіру техникасы жіберілді.

Өрт 12:53-те ауыздықталып, 12:59-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.