Алматыда полиция көлігі жол апатына ұшырады

0
488

Жеңіл көлік жүргізушісі есінен танып қалған.


Алматыда полиция көлігі жол апатына ұшырады

ERNUR.KZ. Алматыда әл-Фараби даңғылында патрульдік көлік жол апатына ұшырады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Желіде апат орнынан түсірілген бейнежазба тарады. Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қаңтар күні сағат 16:10-да болған.

«Toyota» автокөлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, Достық даңғылының қиылысында есінен танып қалып, Достық даңғылының бойымен оңтүстік бағытта келе жатқан автобуспен соқтығысқан. Одан әрі Toyota инерциямен жол бойында тұрған «Chevrolet» патрульдік көлігіне соғылды», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккен екі адамға – Toyota жүргізушісі мен полиция қызметкеріне медициналық көмек көрсетілді. Оқиғаның басқа мән-жайлары анықталып жатыр.