​Алматыда тағы 120 көшеде энергия үнемдейтін шамдар пайда болады

0
1 514

Жалпы алғанда болашақта мемлекеттік жекешелік əріптестік аясында 1400 шақырымға жуық желіні ауыстырып, 42 мың баған, 46 мың LED-экран орнату жоспарланып отыр.


​Алматыда тағы 120 көшеде энергия үнемдейтін шамдар пайда болады

ERNUR.KZ. Алматыда қаладағы қауіпсіздік шараларын қолға алу мақсатында 120-дан астам көшеге LED-шамдар орнатылады, деп жазады ҚазАқпарат.

Қалалық Энергетикалық тиімділік пен инфрақұрылымдық даму басқармасының хабарлауынша, соңғы бірнеше жылда Алматы көшелерінің жарықтандырылуының 30%-ы жаңа шамдармен ауыстырылған болатын.

Жалпы алғанда болашақта мемлекеттік жекешелік əріптестік аясында 1400 шақырымға жуық желіні ауыстырып, 42 мың баған, 46 мың LED-экран орнату жоспарланып отыр.

"Одан бөлек жаңа жарықтандыру шамдары 600 аулада жарқырайтын болады. Адамдарға ыңғайлы қала тұжырымдамасы аясында жаяу жүргін жол бөліктері мен тротуарларды жарықтандыруға баса мəн берілмек",- деді қалалық əкімдіктің баспа өз қызметінен.

Мамандардың айтуынша, жарық диодты шамдар басқаларына қарағанда электр энергиясын 2,5 есе аз шығындайды.