Алматыда таксист шетел азаматын әуежайдан қалаға 33 мың теңгеге жеткізген

0
964

Ұлыбритания азаматы алматы Әуежайынан калаға жету үшін 33 мың теңге төлеген.


Алматыда таксист шетел азаматын әуежайдан қалаға 33 мың теңгеге жеткізген

ERNUR.KZ. Бұл туралы хостел иесі Шакир Исламбакиев Facebook парақшасында айтты, деп жазады ktk.kz.

"Менің қонағымды әуежайдан қалаға дейін 33 мың теңгеге алып келді", - дейді ер адам.

Исламбакиев таксистердің жұмыс істеу тәсілі қалыпты екенін айтты. Алдымен олар жол ақысы екі мың теңге екенін айтып, жеткен соң ол әрбір шақырымның бағасы болғанын дәлелдеп әлек болады. Оның тәжірибесі бойынша, шетелдіктер көбіне қорыққаннан төлей салады.

"Егер таксист ақшаны көтеріп бастапқыда айтса түсінемін. Бірақ жол бойында сөзін өзгертіп, жолаушылар еріксіз ақша төлейтінін түсіне алмадым. Қонақ кетіп қалды. Полицияны шақыртудан да бас тартты. Көңілде кірбің қалып қойды", - дейді ол.

Кәсіпкер мұндай жағдай бірінші рет емес екенін алға тартты. Қазіргі таңда ол барлық қонақтарға арнайы "такси қосымшалары" туралы ақпарат беруде. Осылайша таксилерге алданатын жолаушылардың оқиғасы сәл де болса азаятынын айтады.