Алматыда тамақ жеткізуші жігіт үй иесіне пышақ ала жүгірді

0
776

Осы қылмыс үшін үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Алматыда тамақ жеткізуші жігіт үй иесіне пышақ ала жүгірді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде тамақ жеткізуші жігіт мен үй иесінің арасындағы жанжалдың видеосы тарады. Алматы қаласының полициясы қылмыстық іс қозғады, деп жазады sputnik.kz.

Видеода мопед каскасын киген жігіт пышақ ұстап, кілтті қайтаруды талап етіп жатыр. Үйдің иесі одан кетпенмен қорғанып жүргенін байқауға болады. Аулаға кіремін дегенде оны ары қарай итеріп жіберді. Бірақ тамақ жеткізуші жігіт кетпенді ұстап алды. Пышағын да сермеп үлгерді. Артынан аулаға кіріп, кілтін алып кеткен.
Алматы қалалық полиция депаратменті осы оқиғаның Бостандық ауданында болғанын хабарлады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 3-тармағы (Бұзақылық, суық қаруды қолдануға тырысып жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
"Осы қылмысты жасады деген күдікпен 1992 жылы туған ер адам ұсталды. Пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді полицейлер.
Айта кетері, осы қылмыс үшін үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.