Алматыда түн ортасында студенттер тұрғындарды шошытты - оқиғаның мән-жайы

0
439

Студенттер көшеге шығып, петарда атып, "Аллаһу Акбар" деп айқайлаған.


Алматыда түн ортасында студенттер тұрғындарды шошытты - оқиғаның мән-жайы

ERNUR.KZ. Алматы қаласында жатақхана студенттері түнде тұрғындардың тыныштығын бұзды, деп жазады sputnik.kz.

Жатақханада электр жарығы сөніп қалған кезде студенттер көшеге шығып, петарда атып, "Аллаһу Акбар" деп айқайлаған.
"Полицияға түн ортасында қоңырау түсті. Электр қуаты сөнген кезде жатақханада тұратын жоғары оқу орындарының бірінің студенттері көшеге шығып, петарда жарып, ысқырып, жақын маңдағы үйлердің тұрғындарының тыныштығын бұзған", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.
Жатақхана коменданты әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал университет басшылығы полициямен бірге студенттер арасында түсіндіру жұмысын жүргізді.