Алматыда тұрғын үй терезесінен оқ атқан күдікті ұсталды

0
584

Ер адамнан үш патронымен RETAY PT24 сигнал беру тапаншасы тәркіленген.


Алматыда тұрғын үй терезесінен оқ атқан күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы полициясы көпқабатты үй терезесінен оқ атқан ер адамды ұстады, деп жазады tengrinews.kz.

Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, ер адамнан үш патронымен RETAY PT24 сигнал беру тапаншасы тәркіленген.

"Алматы криминалдық полициясының қызметкерлері әлеуметтік желідегі видео бойынша жедел әрекет ету аясында тұрғын үй кешендерінің бірінің балконында тұрып белгісіз тапаншадан аспанға екі рет оқ атқа Атырау облысының тұрғыны, 2000 жылы туған Х.-ны анықтап, ұстады", - деп хабарлады полиция.