Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты

0
323

Әлеуметтік желіде апат орнынан түсірілген видео пайда болды. Кадрларға қарағанда, көлік бөлініп кеткен.


Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Алматының Жетісу ауданында жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.

Mercedes-Benz Sprinter көлігі Ангарская көшесінде жеңіл көлікке соқтығысқан.

Әлеуметтік желіде апат орнынан түсірілген видео пайда болды. Кадрларға қарағанда, көлік бөлініп кеткен.


Полиция мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 10:58-де болған.

"Mercedes-Benz Sprinter маркалы автокөлік жүргізушісі Ангарская көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, тізгінге ие бола алмай ағашқа, сондай-ақ ғимараттың қабырғасына соғылған. Әрі қарай, қозғалысты жалғастыра отырып, ол Toyota маркалы автокөлікпен соқтығысып жол шетіне ұшып кеткен және ағашқа, сондай-ақ бетон қоршауға соқтығысқан", - деді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқиға салдарынан үш адам зардап шексе, тағы біреуі алған жарақаттарынан қаза болған.

"Адам өліміне әкеп соқтырған бұл жол-көлік оқиғасы соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істі Алматы полициясының анықтау бөлімі жүргізіп жатыр", - деді Әзірбек.