Алматыда жартылай жалаңаш қыздар еркектерді шейх болуға шақырып жүр (видео)

0
1 435

​Сауда үйіне барған кез келген адам шейхтің киімін киіп, жартылай жалаңаш үш қызбен суретке түсе алады.


Алматыда жартылай жалаңаш қыздар еркектерді шейх болуға шақырып жүр (видео)

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбаларда бір минутқа шейх болғысы келген бірнеше жігітті көруге болады, деп жазады Экспресс К.

Желең киінген қыздардың қыпша белінен құшақтап тұрған олардың әрекетін әркім әрқалай талқылап жатыр.

"Жазда жағажайда ғана осылай жүру ұят емес. Не масқара?", "Бұл азғындықтың шегі! Онда балалар да жүреді ғой", "Бастысы, әйелдер күйеулерін көріп қалмасын", - деп жазды желі қолданушылары.