Алматыда жасөспірім балалар педофилді ұстады

0
764

Абай-Сайын көшелерінің қиылысында 13 жастағы қыз жасөспірім жігіттен көмек сұрады.


Алматыда жасөспірім балалар педофилді ұстады

ERNUR.KZ. Ол 50 жастағы ер адамның өзіне тиіскенін хабарлаған, деп жазады Stan.kz.

Жасөспірім ер адамды күшпен автобустан шығарып алды. Қыз да олармен бірге шықты.

Жігіт педофилді күшпен ұстап тұрып, оны қоршалған футбол алаңына алып кірді. Ол басқа балалармен бірігіп есікті құлттап қойды.

Балалар полицияға хабарласып, болған жайтты хабарлаған. Оқиға орнына қыздың анасы келді. Біраз уақыттан кейін учаскелік полицейлер жетіп, балалардан жауап алып, ер адамды алып кетті.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол бұған дейін де осыған ұқсас әрекеттері үшін істі болған.