Алматыда жастарды жұмысқа орналастыруға арналған портал құрылды

0
378

Қазіргі уақытта порталда 3,7 мың бос жұмыс орны бар.


Алматыда жастарды жұмысқа орналастыруға арналған портал құрылды

ERNUR.KZ. Алматының жастар саясаты басқармасы жастардың жұмыс іздеуіне арналған "Jobfair365" бірыңғай платформасын іске қосты, деп жазады sputnik.kz.

Сервистің көмегімен жастар бос жұмыс орындарын, тегін білім беру курстарын таба алады, сондай-ақ өзекті жаңалықтардан хабардар болады.
Сайтта оқу аяқталған соң сертификат беретін қазақ және орыс тіліндегі қысқа мерзімді курстар да бар. Курстың бағытына байланысты сабақ 20-дан 30 адамға дейінгі топқа өткізіледі. Пайдаланушылар аптасына 3 рет 2-3 сағат оқиды, оқытудың теориялық бөлігі 1 айдан 1,5 айға дейін созылады.
"Қазіргі уақытта порталда 3,7 мың бос жұмыс орны бар, 20 өңірден 1,5 мың жұмыс беруші тіркелген. Бүгінде 10,2 мың адам оқытылып, оның 9,2 мыңы жұмысқа орналастырылды", - деп мәлімдеді әкімдіктегілер.
Қызметтер тізімін https://jasalmaty.kz/ сайтынан көруге болады.